Теңге бағамы сыртқы факторларға байланысты құбылуы мүмкін. Бірақ төл валюта құнсызданады деуге еш негіз жоқ. Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов cенатта өткен брифингте осылай деді.
«Шетелдік валютамен салыстырғанда, теңгеде сақталатын депозиттердің табысы мол екені, осының айғағы болса керек. Сондықтан ұлттық валютаның тұрақтылығына сенемін», деді Арман Қасенов.
Еске сала кетсек, кеше ұлттық банк доллардың бағамын 489 теңге 6 тиын шамасында орнатқан еді. Ал валюта айырбастау пунктерінде доллар 491 теңгеге саудаланды.
Арман Қасенов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі: - Осы жылғы көрскеткіштергеқарайтын болсақ, валютаның құнсыздануына еш негіз жоғын көреміз. Жалпы, соңғы үш жылдағыны алып қарасақ, түрлі сарапшылардың ақпарат құралдарына берген сұхбатында курс тым жоғарылайды деп көп айтылды. Бірақ түптеп келгенде олай болмады. Елде көптен бері девальвацияның болмағанын білесіздер. Себебі бұған салмақты себеп, негіз керек. Қазір ондай негіздің жоғын көріп отырмыз. Экспортқа үңілсек, былтырғыдан анағұрлым жоғарылады, ал импорт керісінше қысқарды. Сауда теңгерімі де оңтайлы. Сондықтан қазір девальвацияға еш негіз жоқ деп айта аламын.
Бұл туралы 24.kz хабарлады.