$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Нұр Отан» партиясы тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетті

AstanaTV
24.04.2017ж. 20:00
2224
«Нұр Отан» партиясы тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетті

Тобыл өңіріндегі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға «Нұр Отан» партиясы көмекке келді. Азық-түліктің алғашқы легі Қарасу ауданына қарасты бірнеше елді мекенге жеткізілген.

Табиғи апаттан зардап шеккен Қарамырза ауылында 180 баспанаға су кірген. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп, 130-ға жуық адам балабақша мен мектепке орналастырылды. Партия белсенділері Қарасу халқына 4,5 мың тоннадан астам азық-түлік, гигиеналық заттар мен балалар тағамдарын апарды. Жанашыр топты «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов бастап барған. Гуманитарлық көмек тасқыннан зардап шеккен өзге де ауылдардағы көмекке мұқтаж жандарға таратылды.

Шынар Беккулина, Қарамырза ауылының тұрғыны:

«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалына шексіз алғыс білдіремін. Көптеген панасыз қалған тұрғындарға  көмек көрсетіліп жатыр.

Олжас Дүйсеков,  «Нұр Отан» партиясы ҚОФ саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі:

Қостанай облысының мәслихат депутаттары, саяси кеңес мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының белсенділері бәрі де атсалысып көмек көрсетті. Жалпы 12 сағаттың ішінде «Нұр Отан» партиясына 4,5 тоннадан астам гуманитарлық көмек, азық-түлік жиналған болатын.