Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мен ұлттық код - «Нұр Отан»

AstanaTV
25.04.2017ж. 20:00
5592
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мен ұлттық код - «Нұр Отан»

Жаңғырған қоғам тарихтың тереңінен бастау алатын рухани кодымен ерекше. Жаңа сипатта жаңғырудың ең басты шарты - оны сақтай білуде. Ұлттық код - өзімізге ғана тән құндылықтарымыз. Алматыда Саяси шешімдер инситутының кезекті отырысында «Рухани жаңғыру: ұлттың  мәдениет коды» атты тақырыпта осы мәселе талқыланды. Шараға «Нұр Отан» партиясы жанындағы саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы мұрындық болған.

Жиынға қатысқан мәдениеттанушылар, ұлттық код - тілде, дәстүріміз бен салтымызда, деп есептейді.  Ұлттық руханият үшін күрес қазақ халқының болмысында бар және ол ұлтпен бірге жасай бермек. Ұлттық сананы дамыту жайын Елбасы үлкен мәселе етіп көтерді. Және ол кез-келген қауіп-қатерге төтеп беретіндей болуы керек, - дейді жиынға қатысушылар. 

Фархад Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

Сарапшылар Президенттің рухани жаңғыруға қатысты айтқан идеяларын қызу талқылап жатыр.  Себебі бұл өте маңызды тақырып. Ұлттық мінез-құлқымыздың үзілуге шақ тұрған қылын тербеп, уақыттың талабына қарай жаңа шешімдерге жол ашатын ұсыныстар. Бүгін әлемде ұлттық құндылықтарды жоюға, оны әлсіретуге бағытталған шабуыл үдеп тұр. Осындай кезеңде Елбасының ұлт руханиятын сақтап қалуға байланысты қойған міндеттері уақытында қабылданған шешім деп санаймын.