Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Өңірлерде жастар тәрбиесі жөнінде жаңа бағдарлама әзірленеді

AstanaTV
25.04.2017ж. 20:00
2031
Өңірлерде жастар тәрбиесі жөнінде жаңа бағдарлама әзірленеді

Өңірлерде жастар тәрбиесі жөнінде жаңа бағдарлама әзірленеді. Бұл туралы Астанада өткен жиында Дін істері және азаматтық қоғам Министрінің орынбасары Абзал Нүркенов айтты. Оның сөзінше, Қазақтандағы жастардың үлесі шамамен халықтың 27 пайызын құрайды. Орта жасы - 32. Мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі - жастардың өз мамандығы бойынша кәсіп табуына, жеке бизнес ашуына жағдай жасау. Әкімдік өкілдері осы жолда жұмыс істейтін болады. Семинарға қатысушылар заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттігіне де тоқталды.

Талғат Қалиев, "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі:

Жастар қоғамның белсенді әрі басым бөлігі. Тренд жасайтын топ. Біздің қоғамның қысқа және ұзақмерзімді  "келбеті" олардың таным-түсінігі қалай қалыптасатынына тәуелді.   

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ