$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Нұр Отан» партиясы жалақысын ала алмай жүргендерге жәрдемдесті

AstanaTV
25.04.2017ж. 20:00
2370
«Нұр Отан» партиясы жалақысын ала алмай жүргендерге жәрдемдесті

Адамдарды ешбір келісімшартсыз жалдамалы жұмысқа жегіп, кейін олардың еңбек ақысын бермей кету әрекеті әлі де өршіп тұр. Астанада жыл басынан бері осыған ұқсас мәселемен 53 адам «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалынан көмек сұрап келген.

Бас партияның араласуынан соң мәселе оң шешімін тапты. Еңбеккерлерге жалпы сомасы 2 миллион 700 мыңға жуық қаражат қайтарылып берілді. Мамандар, жұмысшылардың көбі жұмыс берушімен еңбек шарт жасаспайтындықтан, осындай қиындық туындайды, деп отыр. Эльдар Аллабергенов ауылдағы 5 баласын асырап-бағу үшін 8 жыл бойы Астананың құрылыс алаңдарында еңбек етіп жүр. «Нұр Отан» партиясының қабылдауынан кейін өзі сынды 30-ға жуық азаматтың жалақысы қолына тигенін айтты.

Айлықты кешіктіріп созып жіберді. Сосын қысқарту көбейіп кетті. Мәселені көтерген адамдардың бәрін шығарып жібере берді. Квартирасы бар, бала-шағасы, кредиті барларға қарамай. Содан «Нұр Отан» партиясына барып өтініш қылдым. Менің артымнан да көптеген балалар айлығын алды өз уақытында. Бәрі ризашылығын айтты «Нұр Отанға».

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ