$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ауыл әкімдерінің өз бюджеті болады

AstanaTV
26.04.2017ж. 20:00
2528
Ауыл әкімдерінің өз бюджеті болады

Ауыл әкімдерінің өз бюджеті болады. Мәжіліс "Жергілікті өзін өзі басқару" туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, Сенатқа жолдады. 2018 жылдан бастап адам саны 2000 болатын ауыл әкімдері өз бюджетін жасақтайды. Ал 2020 жылдан бастап тұтас елді мекендер осыған көшеді. Ол үшін бірнеше салық түрлері жергiлiктi жерде қалады, деп шешілген. Жеке табыс салығы, жеке тұлғалардан алынатын мүлік салығы, көлік және жер салығы. Сондай-ақ ауылдарда бюджетті бақылайтын мәжіліс, мәслихаттар сияқты "қоғамдық кеңестер" құрылады. Палата спикері әкімдерді қарызды ойланып алуға шақырды.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Мемлекет кепіл болатын заимдар ерекше бақылауда болу керек. Әсіресе, Үкіметтің назарында. Мемлекеттік бюджетті қарағанда, біз өз ақшасын игермей жатыр, сырттан қарыз алатын органдарды көреміз. Қарапайым қағиданы ұстану керек: қарыз аларда бәрі есептелуі керек. Алдымен өз қорын пайдаланғаны жөн. Жаңа заңды атқарушы органдар қалай іске асыратыны маңызды.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ