$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Қарағанды облысында “ Өз үйіңіздегі қауіпсіздік” акциясы өтіп жатыр

23.10.2024ж. 20:00
368
Қарағанды облысында “ Өз үйіңіздегі қауіпсіздік” акциясы өтіп жатыр

Қарағанды облысында пеш жағу маусымы басталғалы 37 өрт болып, 6 адам зардап шеккен. Оның 2- еуі бала. Оқиғалар көбінесе ересектердің салғырттығынан болған. Аймақта қазір Төтенше Жағдайлар департаменті мен “ Amanat “ партиясы бірлесіп “ Өз үйіңіздегі қауіпсіздік” акциясын қолға алды. Акцияның мақсаты -жеке сектор тұрғындарына өрт қауіпсіздігін үйрету. Әсіресе пеш жағуда ережелер сақталмайды. Ересектер отты дұрыс жақпайды. Пештерін дайындамайды, балаларға от жаққызады. Тіпті киімдерін пештің үстіне кептіреді екен. Төтенше жағдай қызметкерлері осы жылыту маусым басталғалы 10 мың адамға кеңес берген. 900 тұрғынның үйіне арнайы дабылқаққыштар орнатты. Бүгінде 5 мыңдай аз қамтылған және көп балалы отбасы есепте тұр, олардың барлығына қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. 

БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

“Сіздің үйіңіздегі қауіпсіздік” акциясы Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар басқармасы мен “AMANAT” партиясының тікелей араласуымен басталды. Бүгін осы акциясының аясында біздің осы Қарағанды қаласында бірнеше аз қамтылған отбасыларға, көп балалы отбасыларына өрттің алдын алу мақсатында арнайы дабыл қаққыш, датчиктар қойылады”.

МАРҒҰЛАН АМАЛБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

“Өрт қауіпсіздігі мәдениетін үйрету. Мәдениет деп отырғанымыз жаңағы өрт болған жағдайда өз- өзін қалай құтқару, өрттің алдын алу, жою және қасындағы адамға қандай көмек көрсету. Оның ішінде ескерту датчиктерін қойып жатырмыз. Қазіргі кезде облыс бойынша 6 мыңға жуық датчик қойылды”.