Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында қызылордалық жастар ауқымды шара бастады

AstanaTV
27.04.2017ж. 20:00
7086
"Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында қызылордалық жастар ауқымды шара бастады

Жеңіс мерекесіне санаулы күндер қалды. Осыған орай "Ардагерлерді ардақтайық" жобасы аясында қызылордалық жастар ауқымды шара бастады. "Жас Отан" жастар қанатының ұйытқы болуымен майдангер қарттардың үйіне барды. Ақсақалды аталармен сұхбат құрды. Аула тазалығы мен үй шаруасына қолғабыс тигізді. Шараға Қызылордада тұратын қырықтан астам ардагер қамтылады.

Солардың бірі - қоғам қайраткері Қызылорда қаласының құрметті азаматы Ыдырыс Қалиев. Елдің дамуы жолында ұзақ жыл тер төккен қария жастарға майдандастары туралы естелік айтты. Зұлмат жылдардан сыр шертіп, тәуелсіз елдің осіп өну жолы туралы әңгімеледі.

Ыдырыс Қалиев, Ұлы Отан соғысының ардагері:

Қазір заманымыздын жастары алға шығып келе жатыр. "Нұр Отан" партиясының жастар бөлімдері лаңкестік болмасын, сыбайлас-жемқорлық болмасын, осылардын барлығына қарсы шығып жатыр.

Талғат Тілесов, «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда қалалық филиалының жетекшісі:

Ұрпақтардың сабақтастығы деген осы ғой, кездесіп, ақыл-кенестерің тындап, біздің өмірімізге алдағы уақытта өскелең ұрпаққа ол өте манызды және де ол керек дүние. Жалпы бізде үлкен іс-шаралар жоспары басталды. Ол «Ардагерім - ардақтым» деп аталады. Ол яғни осылай ұрпақтар сабақтасытығы аясында және «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында.