Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағандыдағы Тәттімбет колледжі жаңа ғимаратқа көшетін болды

AstanaTV
27.04.2017ж. 20:00
4632
Қарағандыдағы Тәттімбет колледжі жаңа ғимаратқа көшетін болды

Қарағандыда Тәттімбет атындағы өнер колледжі жаңа ғимаратқа ие болды. Ұжымға университеттің бос тұрған корпусы берілді. Алдымен қоймада жатқан пианинолар әкелінді. Өзге аспаптар мен қондырғылар жазғы демалыста көшіріледі. Ғимаратты жөндеуге 80 млн теңге бөлінбек. Колледж басшылығы, жаңа аспаптар үлкен ғимаратқа кеңінен сияды, деп отыр. Мұнда концерт залы мен дыбыс жазу студиясына да орын жеткілікті. Студенттер келесі оқу жылын жаңа ғимаратта бастайды.

Еске салсақ, «Астана» телеарнасы Тәттімбет атындағы өнер колледжінің 15 жылдан  бері көшіп жүргені туралы материал дайындаған. Бұрынғы ғимаратын облыстық сот иемденген соң колледждің мекен-жайы 4 рет өзгеріп, ақыры ескі қан орталығына тұрақтаған. Студенттер дәліздер мен жатақханаларда дәріс алып келді.

Мейірхан Адамбеков, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

5500 квадрат метр. Бізге қолайлы. Білім басқармасы, барлығымыздың қуанышымыз шексіз. "Астана" каналы екі-үш рет келіп, біздің жағдайды көріп, қадағалап еңбек жасады. Журналистерге алғысымызды айтамыз.