$482.86 €533.17 ₽5.08
×

ҚХА мүшелері Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді

AstanaTV
02.05.2017ж. 20:00
2732
ҚХА мүшелері Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді

Ассамблея мүшелері Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді. Қажетті заттарды жиыстыруға мектеп ұжымдарынан бастап, кәсіпкерлер, жеке азаматтарға дейін атсалысқан. Азық-түлік, гигиеналық заттар, киім-кешек, қажетті дәрі-дәрмектер бар. Қораптардың сыртында әрқайсысының ішінде не бар екені арнайы жазылған. Сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелері атынан зардап шеккендердің жеке шотына ақша аударылады.

Дархан Мыңбай, ҚХА төрағасының орынбасары:

Барлық облыстарда "Достық үйлерінің" жанынан осындай пункттер аштық. Соларда жиналып, көмектерін көрсетіп жатыр. Бұл жерде тек мұқтаж болып жатқандарға жібереміз. Кейбір өңірлер өздері бас тартып, барлығы шешілді деп жатыр. Біз қажет болған азаматтарға апаруға жолға жиналып жатырмыз.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ