$495.2 €522.34 ₽4.94
×

"Әйелі ақылды болып тұр": Блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызына көлік пен пәтер әперді

AstanaTV
04.11.2024ж. 15:39
171
"Әйелі ақылды болып тұр": Блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызына көлік пен пәтер әперді

Қазақстандық кәсіпкер, блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен кездесіп, оған көлік пен пәтер сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қуанышты жаңалықты блогер желідегі парақшасында жеткізді. Ол қызының анасына JAC маркалы жаңа көлік, Астана қаласынан пәтердің кілті және қыздың емі үшін қомақты қаржы табыстағанын атап өтті.

Дархан Жолшыбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеодан бүлдіршінге әкесі ойыншық сыйлағанын да байқауға болады.

Блогердің бұл әрекетіне желі қолданушылары таңданған желі қолданушылары екіұшты пікірлер айтты.

"Бұған дейін оған жазылмаған едім. Тек қызын қалай тастап кеткенін оқыдым. Бірақ қазір осы бейнені көргеннен кейін жазылдым. Жарайсың, нағыз жігіттер осылай істейді", "Ол көпшілікке өтірік ойнап отыр. Осы уақытта дейін қабылдамай, енді бағдарламадан кейін көмектесе қалыпты", "Жігіттің артында "ақылды" әйел тұр. Әйелі ақылды болып тұр, әйтпесе мұны істей алмас еді. Көп әйелдер бергіздейді де. Сондықтан Дара келінге рахмет", "Бәсе біздің жігіттер майдаланбаушы еді", "Жарайсың, ештен кеш жақсы", – деп оқырмандар жарыса жазды.