Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Кедергісіз келешек» - мүмкіндігі шектеулі жандарды әр сала мамандарымен жүздестіру

AstanaTV
04.05.2017ж. 20:00
2590
«Кедергісіз келешек» - мүмкіндігі шектеулі жандарды әр сала мамандарымен жүздестіру

Мүмкіндігі шектеулі жандарды мазалайтын мәселелердің легі азаяр емес. Тек осы жылдың алғашқы тоқсанында «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауларына мыңнан аса кембағал жан шағымдарын арқалап келген. Олардың мәселесіне партия араласқаннан кейін ғана әр үшінші мәселе тиімді шешілген.

Бүгінде «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» атты дәстүрлі жобасы аясында еліміздің түкпір-түкпірінен көмекке зәру жандар келіп, апталап, айлап жолыға алмай жүрген мамандармен бетпе-бет жолықты. 

Камила Қасымбекқызы, ІІ топтағы мүгедек:

Партия тарапынан көптеген көмектер болды ғой маған, оны сөзбен жекізу қиын. Партия маған 10 жыл бойы көмектесіп келе жатыр. Менің шешілмейтін мәселемнің барлығы тек қана "Нұр Отан" парптиясының көмегі арқылы шешіледі деп мен 100 пайызбен айта аламын.

Арыстанғали Сансызбаев, «Нұр Отан» партиясы РҚҚ бөлмесі меңгерушісінің орынбасары:

Көпшілігі мүгедектікті тағайындау, жәрдемақы жөнінде сұрақтармен келеді. Кейін сол сұрақтарға нақты жауап алады немесе көмек көрсетіледі. Қоғамдық қабылдауларда денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері қатысып отыр, жергілікті органдарда, солардың құрылымдық өкілдері.