$491.7 €531.28 ₽5.07
×

Шығыс Қазақстанда құтқарушылар мен коммуналдық қызметкерлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

AstanaTV
15.03.2016ж. 20:00
1464
Шығыс Қазақстанда құтқарушылар мен коммуналдық қызметкерлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Шығыс Қазақстанда құтқарушылар мен коммуналдық қызметкерлер әлден күшейтілген жұмыс режиміне көшті.  Өскеменде арнайы техника өзен жағаларын бекітіп, арықтарды тазалап жатыр. Түнде еріген қар суына жауын-шашын қосылған. Салдарынан Өскеменде бірнеше көше су астында қалды. Тұрғындар көліктеріне жете алмай, әуре-сарсаңға түсті. Коммуналдық қызметкерлер судың бетін қайтаруға барлық күш жұмылғанын, тіпті жаңа екі су сорғыш сатып алғандарын айтты. Кешеден бері ескілері істен шығып қалған.

Асқар Жақсылықов, Өскемен қ. жолаушы транспорты және автомобиль жолдары, ТКҚ бөлімінің бастығы:

Жаңа сусорғыш жеткізілді. 50 текше метрлік құрылғы орнатылып жатыр. Гордская көшесі бойында Үлбі өзені жағасын бекітіп жатырмыз. Көпірлерді тазартып, қаладағы көпқабатты үйлердің ауласында жиналған су сору жұмыстары жүріп жатыр.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ