$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкенттегі пәтерлердің бірінен қарияның мәйіті табылды

AstanaTV
23.11.2024ж. 12:54
97
Шымкенттегі пәтерлердің бірінен қарияның мәйіті табылды

Шымкенттегі пәтерлердің бірінен 78 жастағы қарияның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 15 қараша күні Спорт шағынауданындағы 5-қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зейнеткер иіссіз газға уланып көз жұмған. Бүгінде полиция аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды otyrar.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексiнің 306-бабы бойынша іс қозғалды. Тиісті сараптама тағайындалды.

Оқиға орнында тағы 3 адам болған. Олар сол сәтте ауруханаға жеткізілген. Науқастардың бірі тіпті жансақтау бөліміне жатқызылған.

Қабылдау бөліміне 3 науқас жеткізілді. Апа және 2 немересі. Апаның жағдайы ауыр болған соң реанимацияға жатқызылған. Келесі күні токсикология бөлімшесіне ауыстырылған. Бүгін немересі мен екеуін үйіне шығардық. Жағдайлары жақсы болуына байланысты, - дейді дәрігер-токсиколог Асылбек Мыңбосынов.