Қостанай облысы Рудный қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында мас күйде көлік тізгіндеп, мүліктің бүлінуіне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жүргізушіге қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Astana TV.
Іс материалдарына сәйкес, 2026 жылдың қыркүйегінде ер адам мас күйде Рудный қаласының Франко көшесімен көлік жүргізіп келе жатып, қала әкімдігінің ТКШ бөліміне тиесілі металл жарықтандыру бағанына соғылып, материалдық шығын келтірген.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, құқық бұзушылық жасалған сәтте жүргізуші орташа дәрежеде мас күйде болған.
Сот отырысында ер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын толық мойындады.
Әкімшілік жазалау шарасын анықтау кезінде сот құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіп дәрежесін, кінәлінің кім екенін, сондай-ақ істің барлық мән-жайын ескерді.
Сот қаулысымен жүргізуші кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды және 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.