Оксфорд ағылшын сөздігі жыл сөзі ретінде brain rot (ми шірігі) тіркесін таңдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Сorp.oup басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл сөз 37 мың оқырман арасында дауыс беру арқылы таңдалды.
“Brain rot” сапасы төмен интернет-контентті шамадан тыс тұтыну нәтижесінде адамның психикалық немесе интеллектуалдық жағдайының нашарлауын білдіреді. Бір жыл ішінде бұл сөзді қолдану жиілігі 230%-ға өсті.
"Brain rot" сөзін алғаш рет 1854 жылы Генри Дэвид Торо өзінің "Уолден немесе ормандағы өмір" кітабында қолданған. Торо бұл кітапта қоғамның күрделі идеяларды құнсыздандыруға бейімділігін сынға алды.
"Термин цифрлық дәуірде жаңа мағынаға ие болды.
“Brain rot" әлеуметтік желіде интернет-контентті шамадан тыс тұтынудың кері әсер беретінін түсіндіру мақсатында қолданылып жатыр", – деді сөздік құрастырушылар.