Қостанайда партия бастамасымен алғаш рет ауыл әкімдерінің форумы өтті. Ауылды дамыту – мемлекеттік саясаттың межелі мақсаты. Осы тұрғыда «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» сынды ауқымды жобалары қарқынды жүзеге асып жатыр. «Ауыл аманаты» жобасы аясында өңірде жалпы соммасы 1,6 млрд теңге болатын 279 шағын несие берілген. Партия жобасы аясында мыңдаған ауыл тұрғыны үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды.Ал ауыл әкімдерінің міндеті игі бастамаларды тиімді жүзеге асырып, партияның негізгі бағыттарын халыққа жеткізу, дейді партияның орталық аппарат басшысы.
МӘДИ ОСПАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
«Ауыл аманаты» жобасы аясында бізде осы екі жылдың ішінде 100 млрд теңге бөлінді.Осы жоба арқылы 16 мың жаңа жұмыс орыны ашылды. «Жер аманаты» жобасы аясында осы екі жылдың ішінде мемлекет меншігіне 11 миллоин гектар пайданылмаған жер қайтарылды.Қостанай облысында 540 мың гектар жер қайтарылды. Келесі жоба «Қарызсыз қоғам». Осы жоба арқылы бізде елімізде 150 мыңдай адам оқудан өтті.
Биыл аймақтағы 15 ауыл ауыз сумен қамтылған.Тағы 41 елдімекенге су тазалайтын блок-модуль кешені қойылып жатыр. Келер жылы ауыл тұрғындары 100 пайыз ауыз сумен қамтылады. Бұл мақсатта 34 жоба жүзеге аспақ. 108 елдімекеннің 371 көшесіне асфальт төселсе, 760 көше жарықтандырылды. Алдағы екі жылда барлық ауылдары сапалы интернетпен қамтамасыз етіледі. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында 25 медициналық нысанның құрылысы басталған. Облыстық филиалдың «Жарқын ауыл » жобасы да ауылдың гүлденуі мен ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуға жол ашып отыр.
ҚАЙСАР СҰЛТАНБЕКҰЛЫ, ҚЫЗБЕЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
Осы «Жарқын ауыл» аясында меморандум жасалды. Жергілікті шарушылықтармен «AMANAT» партиясымен бірлесіп. Бүгінгі таңда ауылымызда саябақ ашылды.Оған тастөсеніштер, орындықтар орнатылды. Жергілікті мәдениет үйі ағымдағы жөндеуден өтті.