$453.26 €506.7 ₽5.58

Америкалық азамат бір жылда 1207 фильм көріп, әлемдік рекорд орнатты

Америкалық азамат бір жылда 1207 фильм көріп, әлемдік рекорд орнатты
Фото: afisha.ru

АҚШ-тың Пенсильвания штатында тұратын 60 жастағы Гленвуд Хоскин кіші бір жылда кинотеатрларда 1207 фильм көріп, ерекше рекордқа қол жеткізді

Гиннестің рекордтар кітабының ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, ер адам 2024 жылдың сәуірінен 2025 жылдың сәуіріне дейін жергілікті Regal кинотеатрына күн сайын дерлік барған, деп хабарлайды Astana TV.

Ол көрсетілім кестесін алдын ала зерттеп, таңертеңнен түн ортасына дейін мүмкіндігінше көп фильм көруге тырысқан.

Гленвудтың айтуынша, оған әсіресе мультфильмдер мен комедиялар ұнаған. Сондай-ақ ол бұрын көрген фильмдеріндегі әзілдерге көрермендердің қалай реакция білдіретінін бақылау да қызық болғанын жасырмады.

Бір қызығы, мұндай әуестік оған аса қымбатқа түспеген. Ер адам айына шамамен 28 доллар (12 мың теңгеден астам) тұратын Regal Unlimited абонементін пайдаланған. Бұл жазылым арқылы фильмдерді шектеусіз көруге мүмкіндік болған. Ал шығынды азайту үшін ол тамағын үйден ала келіп, сеанстардың арасында тамақтанған.