Ақмола облысы тұрғынының жоғалған картасынан ақша шешіп алған азамат ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
2024 жылғы 18 қарашада Көкшетау полиция басқармасына қала тұрғынынан өтініш келіп түсті, онда ол жоғалтып алған банк картасынан бейтаныс тұлғалар 900 мың теңге сомасында ақшаны шешіп алғанын хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері өтініш берушінің картасынан ақша алған адамның жеке басын анықтады.
Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.