Астанада "Volunteer FEST-2024" фестивалі өтті. Онда 70-ке жуық еріктілер ұйымы мен бастамашыл топтар марапатталды. Шаранын өтуіне қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы мұрындық болды.
Еріктілердің еңбегі ерен. Олар күн-түн демей еліміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Әрдайым көпке көмектесіп, көмек қажет еткенге қол ұшын созып, демеп жүреді. Кез келген жұмысты атқарады. Олар бұл еңбегі үшін ақы сұрамайды. Өз еркімен еткен еңбегінің жемісі-ол халықтың алғысы. Еңбексүйгіштігімен ерекше еріктілер жыл соныңда ғана осылай бас қосады. Шарада қаладағы волонтерлар ұйымдары 7 номинация бойынша марапатталды. Олардың қатарында "Мейірімді жандар" тобы да бар.
ДИНАРА ЫДЫРЫСОВА, "МЕЙІРІМДІ ЖАНДАР" ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Осы елге, жерге осы қалаға қызмет етуден біз шаршамаймыз, тыңбаймыз. Жанағы масылдықты жоюудың мақсатында біздің болашақ балалардың тәрбиесі осы. Енді қараңыз әке-шешеге қарап бала өседі. Ана бүкіл жерге алақан жайып жүрсе оған бала қарап өседі. Сондықтан масылдықты жою үшін біз көп социиалдық жұмыс дейді ғой соны атқарамыз.
5 желтоқсан - Халықаралық волонтерлер күні. Айтулы шара осыған орай өткізілуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жылдан жылға тұрақты түрде еріктілікпен айналысып жатқандар қатары едәуір көбейіп келеді. Қазір игілікті істі жасауға орта буын өкілдері де ден қойған дейді.
АРАЙЛЫМ САПАРӘЛІ, "АСТАНА ЖАСТАРЫ" ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
Волонтерлардың тарапынан өте көп жұмыс атқарылды. Жыл басында алған жанағы судан зардап шеккен одан бөлек "Таза Қазақстан" эко жалпы республикасы акциясы аясында жүзден астам акциялар ұйымдастырылды. Жалпы жануарларға көмек көрсету болсын, қарт жалғыз басты әлеуметтік осал топтарға көрсету жалпы көп.
Сондай ақ волонтерлерге және олардың еңбегіне арналған фотокөрме ұйымдастырылды. Кеш соңы эстрада жұлдыздарының концертіне ұласты.