$523.58 €549.71 ₽5.01
×

14 млн теңге жымқырған: Қытайдан тауар жеткізем деген әйел алаяқ боп шықты

AstanaTV
04.12.2024ж. 21:35
152
14 млн теңге жымқырған: Қытайдан тауар жеткізем деген әйел алаяқ боп шықты

Астанада Қытайдан тауар жеткізу сылтауымен 14 млн теңге ақша жымқырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға азаматша алаяқтық әрекет туралы шағымданды. Оның айтуынша, белгілі бір қыз сеніміне қиянат жасап, Қытайдан тауар жеткізу сылтауымен 14 млн теңге сомасында ақша жымқырған, кейін із-түзсіз жоғалып кеткен.

Алматы ауданы криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде 32 жастағы әйелді анықтады, ол интернет-ресурсы арқылы алдау жолымен ақша алған. Жас әйел әлеуметтік желіде жүк тасымалдаушы компания ретінде жалған парақша ашып, Қытайдан тауарларды қолайлы жеткізу шарттарын ұсынады.

Алаяқ жеткізу үшін алдын ала толық төлем сұрады, ақшаны алғаннан кейін, бірнеше айлар өнімнің кешігуі туралы хабарлады және біртіндеп клиенттермен байланысын тоқтатты. Күдіктіге қатысты бұрын да 7 қылмыстық іс тіркелгені белгілі болды, жалпы келтіріл шығын сомасы 50 млн теңгеден астам. Алаяқ өз кінәсән мойындады.

Астана қалалық полиция департаменті азаматтарға сыйақы үшін және күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеу,белгісіз тұлғаларға ақша және мүлік аудармау керек екенін ескертеді.