Павлодарда 3 желтоқсан күні адам өліміне әкеп соқтырған апат болды. Зардап шеккендердің бірі ауруханаға жеткізілді, ол бір күннен кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол-көлік оқиғасы Назарбаев даңғылы мен Амангелді көшесінің қиылысында Ваз-21053 жүргізушісінің кінәсінен болды. Ол қауіпсіздікке көз жеткізбестен солға бұрылып, «Вольво» маркалы машинамен соқтығысты.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған ВАЗ жолаушысы ауруханаға жатқызылды, алайда ол 4 желтоқсан күні алған жарақатынан қайтыс болды», - деп хабарлады Павлодар облысы ПД.
Қазір құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр, екі көлік те арнайы автотұраққа қойылды.