Болашақта салалық айти мамандарына сұраныс бірнеше есе артуы мүмкін. "AMANAT" партиясы жанындағы цифрландыру мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің мүшелері осындай болжам жасады. Биыл "IT" мамандығына түскен талапкерлер саны 42% - ға өскен. Ал жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 18% - ға артып, 78 процентті құрады. Мәжіліс Депутаты Екатерина Смышляева әлемдік цифрлық прогресс негізінде озық әрекет етіп, салалық мамандықтарға көңіл бөлуіміз керек дейді.
ЕКАТЕРИНА СМЫШЛЯЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бүгінде бізге код жазатындар ғана емес, салалық айти мамандары қажет. Яғни, денсаулық сақтау саласында Айти - дәрігер немесе Айти-медицина, Айти-биология, Айти-құқық. Яғни, экономиканың маңызды салаларын қамтамасыз ету керек.