Прокуратура ұрлық дерегі азайып келе жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ең көп ұрлық қайда тіркелген?
Ресми мәліметке сүйенсек, биыл 11 айда ұрлық статистикасы 28,1 пайызға, 40 458-ден 29 089-ға дейін төмендеген.
"Ұрлықтың ең көбі Алматы және Астана қалаларында (6 675/3 727), ең азы Манғыстау және Ұлытау облыстарында тіркелген (396/298)", - деп жазылған хабарламада.
Қандай ұрлық түрі жиі кездеседі?
Ұялы телефон ұрлығы 31,2 пайызға төмендеген (10 051-ден 6 919-ға дейін).
"Ұялы телефон ұрлығының ең көбі Алматыда (1 989) және Астанада (669), ең азы Ұлытау облысында (54)", - деп жазылған хабарламада.
Көлік ұрлығы 46,1 пайызға, 256-дан 138-ге дейін төмендеген.
Пәтер ұрлығы бойынша да қылмыс 33,7 пайызға, 3 398-ден 2 252-ге дейін төмендеген.
Мал ұрлығы бойынша 30,3 пайызға, 1 432-ден 998-ге дейін төмендеген.
"Мал ұрлығының ең көбі Алматы (194), Абай (126), Түркістан (114), Жетісу (97) облыстарында тіркелген", - деп жазылған хабарламада.