$494.87 €520.65 ₽4.91
×

СҚО-да тасқыннан зардап шеккен Ғабит Мүсірепов ауданының тұрғындарына өтемақы беріле бастады

AstanaTV
18.05.2017ж. 20:00
3758
СҚО-да тасқыннан зардап шеккен Ғабит Мүсірепов ауданының тұрғындарына өтемақы беріле бастады

Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы беріле бастады. Судан арылып, ес жиған Ғабит Мүсірепов ауданының 120 отбасына 100 мың теңгеден таратылды.

Ал табиғи апаттың кесірінен паналарынан айырылған 8 отбасыға басқа жерден үйлер сатып алынды. Осы күнге дейін жақын-жұрағаттарын жағалаған Атамбай Сералин де бүгін жаңа баспанаға жайғасты. Отағасы алапат су тасқыны кезінде үйімен қатар, дүние-мүлкінен қағылды. Жергілікті билік өкілдері кейбір малдың орнын толтырып берді. Жаңа үйге кірген Атамбай Сералин далада қалмағанына шүкіршілік етеді.

Атамбай Сералин, Рузаев ауылының тұрғыны:

Селолық әкім осы үйді тауып берді. Соған сілтеп жіберді. Біз өзіміз келіп, қарап. Сосын акиматқа барып, ақылдастық, келістік. Осында келіп көрдік, иелерімен сөйлестік. Облыстық әкімдік ақшасын беріп, аудандық әкімдік көмегін беріп жатыр, мектеп көмегін беріп жатыр жиналып бәрі, рахмет бәріне.

Залалды өтеуге облыстық әкімдік резервінен 53 жарым миллион теңге бөлінді. Бүгінде қаражат жұртқа таратыла бастады. Жуырда жергілікті қазынадан қосымша 40 миллион теңге түсті. Бұл қаржы жұрттың жеке мүлкін қайтаруға жұмсалады. Әрбір тұрғынның шығыны жіті есептеледі, дейді аудан атқамінерлері.

Владимир Дудов, СҚО Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі:

Тұрғындарға қайырымдылық қорлары да қол ұшын созды. Жанашырлардың тарапынан қордың шотына 19 миллион теңге түскен. Сондай-ақ, жан-жақтан гуманитарлық көмектер де көрсетілген болатын. Тасқын кезінде зардап шеккен жұртқа жалпы көлемі 9 миллион теңге болатын азық-түлік, төсек орын мен құрылыс материалдары таратылды.