ІІМ басшысының орынбасары Санжар Әділов полиция Тәуелсіздік күні қарсаңында қызмет режимін күшейтетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы Әділов Мәжіліс дәлізінде мәлімдеді.
"Ішкі істер органдарының ең басты міндеті - қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. "Заң және тәртіп" қағидатына сәйкес азаматтарымыз демалатын және демалыс күндерін қоғамдық орындарда өткізетін мереке күндері полиция міндетті түрде қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне көшеді", - деді ол.
Айта кетейік, биыл 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнідүйсенбіге тұспа-тұс келеді:
14 желтоқсан, сенбі: алты күн жұмыс істейтіндер үшін жұмыс күні және бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күні;
15 желтоқсан, жексенбі: әдеттегі демалыс күні;
16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні (барлығына демалыс).