$446.56 €512.34 ₽5.3
×

Санжар Әділов қола жүлде еншіледі

Санжар Әділов қола жүлде еншіледі
ҰОК

Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Әділов Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды, дедп хабарлайды  AstanaTV.

Қазақстандық спортшы ММА-дың дәстүрлі стилі бойынша 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегер атанды.

Бұл жүлденің тарихи маңызы бар. Аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Осылайша, Санжар Әділов ММА бойынша Азия ойындарында жүлде жеңіп алған алғашқы қазақстандық спортшылардың қатарына енді.

XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Айти–Нагояда өтіп жатыр.