$524.02 €545.19 ₽5.09
×

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы Шымкенттегі бес ауданда қатар өтті

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы Шымкенттегі бес ауданда қатар өтті

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы бүгін Шымкенттегі бес ауданда қатар өтті. Тазалық шарасы аясында үлкен жолдардың бойы, темір жол желісінің маңайы, көпқабатты үйлердің аулаларында жүрді. «Таза көше, таза аула» акциясына қала тұрғындары, жастар мен еріктілері бар ұзын саны 2мыңдай адам жұмыла қатысты. Жиналғандар саябақтар мен гүлзарлардағы ағаштан түскен жапырақтарды түгел жинап шықты. Көпшілік ішкі көшелерге дейін сыпырды. Ұйымдастырушылар тазалық шарасын қар жауған кезде де жалғастыра береміз деп отыр. Ал қаңтар айынан бастап қылқанжапырақты ағаштарды егу жоспарда тұрғанын жеткізді. 

АЗАМАТ ПАРМАНОВ, ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазір енді қыс маусымында қазір енді қар жауды, басқа қылды. Қазір өзіміздің де коммуналдық мекемелер, тұрғындар тарапынан біз үйлердің аулаларын, пандус дейміз, лестницалар бар, әлеуметтік нысандардың кіріп-шығатын жерлері бар, сосын тротуарлар соларды тазалауға басты назарды бөліп жатырмыз қазіргі таңда .