Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Тобыл өңірінде «Жолда қабылдау» республикалық акциясы басталды

AstanaTV
19.05.2017ж. 20:00
1810
Тобыл өңірінде  «Жолда қабылдау» республикалық акциясы басталды

Қостанай облысында ұйымдамстырылған «Жолда қабылдау» акциясына 20 адам қатысты. Игі шара  Сарыкөл ауданында өткізілді. Тұрғындардың сауалына «Нұр Отан» партиясының өкілдері мен жергілікті полицейлер жауап берді.

Жыл басынан бері облыс бойынша 24 мың  адам жол ережесін бұзған. 627 аймақ тұрғыны көлікті мас күйінде тізгіндесе, екі мыңға жуық жүргізуші жылдамдықты асырып, әкімшілік айыппұл төлеген. Ел көлемінде өткізілетін елеулі  шараның мақсаты -  қара жолдардағы қауіп-қатердің алдын -алу дейді ұйымдастырушылар. Жол бойында басталған  акция, кейін аудан орталығындағы орталық базарда жалғасты. Мұнда шоғырланған көпшілік, көбінесе шұрық-тесік  жолдар мен әкімшілік айыппұл көлемін азайту туралы сұрақ қойды. Тұрғындар көтерген мәселе, енді тиісті мемлекеттік мекемелерге жолданатын болады.

Бақыткүл  Жолдыбаева, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ  қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

Акция барысында  аудан тұрғындары көптеген сұрақ қойды. Негізінен  жол ережесін бұзған жағдайда салынатын  айпппұл жайында, жолдардың сапасы туралы  көп айтылды. Біз барлық сауалдарды  бақылауға алып, оны орындайтын мемлекеттік  мекмелерге жолдаймыз.

Заңғар САНАЙ