$524.02 €545.19 ₽5.09
×

"Кино және телебағдарламалардағы жаргон, сленг қазақ тілінің тазалығын сақтауға зиян тигізеді", - сенатор

19.12.2024ж. 20:00
82
"Кино және телебағдарламалардағы жаргон, сленг қазақ тілінің тазалығын сақтауға зиян тигізеді", - сенатор

Қазақ киноларында қолданылып жатқан аралас және жаргон сөздер тіл тазалығын бұзады. Мұны жұрт реалистік көрініс деп бағалауы мүмкін, бірақ бұл ұрпақ сабақтастығындағы тілімізге нұқсан келтіреді. Бұл туралы Сенатор Руслан Рүстемов өзінің депутаттық сауалында көтерді. Депутат осы мәселелерді шешу үшін отандық фильмдердің идеологиялық және әдеби сапасын бақылау үшін мемлекеттік лицензиялауды ұсынды. 

РУСЛАН РҮСТЕМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Мұндағы соңғы топтың алаңдауы мен жан айқайы өте орынды. Өйткені көптеген кино және телебағдарламалардағы жаргон, сленг және аралас тіл қолданыстары қазақ тілінің тазалығын сақтауға зиян тигізуде. 

Ең қауіптісі уақыт өте келе мұндай аралас тіл жастардың ана тілі ретінде орнығады. Соның салдарынан аралас тіл ұрпақтан ұрпаққа қолданылған сайын ана тілі рөлін атқарып, тілдің бастапқы құрылымы өзгеріске ұшырайды.