Атырауда «Нұр Отан» партиясына мүше облыстық мәслихат депутаттары мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс тауып берді, кейбірі тіпті орналасып үлгерген. Жәнібек Ермекбаев осыдан 3 жыл бұрын бақытсыз жағдайға ұшыраған еді. Содан бері ол 1-ші топ мүгедегі санатында. Дегенмен еңбекке қабілеті жоғары азамат жұмыс табу мақсатында партия филиалының қабылдауына жазылған. Облыстық мәслихат депутаттары оның екі қолға бір күрек табуына көмектесті. Осылайша Жәнібек "Мүгедек әлемі" ҮЕҰ заңгер болып орналасып, 3 айдан бері қызметін абыроймен атқарып келеді.
Жәнібек Ермекбаев:
Жұмысым өзіме ұнайды. Алда да «Нұр Отан» партиясымен бірлесіп жұмыс жасаймыз деген ойдамын. Көптеген ұсыныстарым бар.
Данагүл Жайлаубаева, «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалы саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі:
2017 жылдың басынан бері біздің қоғамдық қабылдауға 100-ден аса мүмкіндігі
шектеулі азамат хабарласқан, оның 65 пайызының өтініші оң шешімін тауып отыр.
Мәселелер де әр түрлі, оның ішінде үй, жұмыспен қамту, денсаулығын оңалту туралы
өтініштер бар.