$524.75 €540.6 ₽5.12
×

Қытайда жер сілкінісіне байланысты жедел әрекет ету режимі жарияланды

08.01.2025ж. 20:00
101
Қытайда жер сілкінісіне байланысты жедел әрекет ету режимі жарияланды

Қытайдың Сицзан автономиялық ауданындағы болған жер сілкінісінен кейін жедел әрекет ету режимі бірінші деңгейге көтерілді. Қазір мамандар тұрғындарды қауіпсіз жаққа көшіріп, су шаруашылығы нысындарын тексеріп жатыр. Джомолунгма мен Эверест тауындағы туристік аймақтар уақытша жабылды. Елдің Мемлекеттік кеңесінің премьері құтқару жұмыстарын жан-жақты жүргізуді, зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпаратты жедел түрде нақтылауды тапсырды. Естеріңізге сала кетейік, 7,1 балдық зілзаладан 126 адам қайтыс болды. 200-ге жуық тұрғын жарақат алды. Жерасты дүмпулері Непал, Бутан және солтүстік Үндістанда сезілді.