$526.81 €542.72 ₽5.16
×

Президент "Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасын қабылдады

10.01.2025ж. 20:00
40
Президент "Қазақстан темір жолы" АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы "Қазақстан темір жолы" Акционерлік қоғамының басқарма төрағасын қабылдады. Онда Нұрлан Сауранбаев Президентке ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріп, негізгі өндірістік көрсеткіштерде өсімнің оң қарқыны сақталып отырғанын айтты. Мәселен эксплуатациялық жүк айналымы 272 миллиард тонна-шақырым болды. Қазақстан-Қытай түйіспелері арқылы 32 миллион тонна жүк тасымалданып, рекордық көрсеткішке жетті. Контейнерлік транзит 8,8 пайызға өсіп, тасымалданған контейнерлер саны 1,4 миллион жиырма пұттық эквивалентке жетті. 

НҰРЛАН САУРАНБАЕВ, "ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
Темір жолдардың салу жобаларына ерекше назар аударылды. Достық-Мойынты учаскесіндегі 2-ші жол және Алматыны айналып өтетін жол құрылысы биыл аяқталады. Сонымен қатар терминалдар салынып, цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр.