Италияда өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиадада параллельді могулдан Анастасия Городко чемпион атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, финалдық бәсеке алғаш рет қос спортшымыздың арасында өтті.
Кеше ғана отандасымыз фристайл-могул сайысында да топ жарған еді: Анастасия Городко, Аяулым Әмренова, Марин Ито.
Бұған дейінгі бір қысқы Универсиада ойындарында фристайлдан 2 алтын алған спортшылар – Дмитрий Рейхерд (20176) Юлия Галышева (2017).
Ерлер бәсекесінде Антон Бондарев та финалға дейін жетіп, күміс жүлде еншіледі.