Солтүстік Қазақстан облысында ер адам құдыққа құлап, мерт болды. Оқиға Есіл ауданындағы Чириковка ауылында болды. 38 жастағы азамат абайсызда су құдығына құлап кеткен. Араға біршама уақыт салып оны ауыл тұрғындары тапқан. Полицейлер қазір қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде. Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды. Айта кету керек, Чириковка елді-мекеніне таза ауыз су күніне небары 2-ақ сағатқа ғана беріледі екен.