$520.91 €544.25 ₽5.29
×

Депутат ШҚО-да мал ұрлығының өршуіне байланысты ішкі істер министрлігін сынға алды

AstanaTV
22.01.2025ж. 21:52
85
Депутат ШҚО-да мал ұрлығының өршуіне байланысты ішкі істер министрлігін сынға алды

Мәжіліс депутаты, "Amanat" партиясы фракциясының мүшесі Мақсат Толықбаев 2025 жылғы 22 қаңтардағы мәжіліс отырысында ҚР ішкі істер министрі Ержан Саденовқа депутаттық сауал жолдап, шығыс жұртының шағымын назарға алмағанын сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутаттың айтуынша, Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы тұрғындары әлеуметтік желі арқылы президенттен көмек сұраған.

"Президенттен көмек сұрауға мәжбүр болған Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы тұрғындарының әлеуметтік желіге шыққан видеоүндеулерін көрген шығарсыздар?! Маған да ондаған адам хабарласты. Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасар деп бес күн күттік. Алайда ешқандай реакция жоқ. Катонқарағайға қарасты Шыңғыстайдың шырқын осы ұрылар бұзып бітірді. Алақандай ауыл халқына ұры-қарының қорлығы әбден өткен. Төзімдері таусылып, сенімдері сетінеген ел енді бар үміттерін ел басшылығына артып, яғни президенттен көмек сұрап отыр. Өйткені қой қоралап, ірі-қара табындап, жылқысы үйір-үйірімен жоғалып жатқан соң қайтсін?! Полиция дегеннен әбден күдер үзген. Осы күнге дейін қаншама малы қолды болып, ұрланса да, полиция бірде-бір "тышқақ лақтың" сайдан санын, құмнан ізін таппаған. Бұл нені көрсетеді?! Не іздеуге құлықсыз немесе ұры мен полиция ауыз жаласып, ымыралысып, ынтымақта жұмыс істейді. Ақиқаты осы. Басқаша айту мүмкін емес!".
Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай

Депутат әуре сарсаңға түскен халық аудандық, облыстық ішкі істер органдарының табалдырығын тоздырып, бастарын тауға да, тасқа да соғып әбден қажығанынын, сонда да полицияға бәрі-бір екенін айтады.