$522.42 €543.89 ₽5.28
×

"Салық-бюджет реформасы экономиканы жетілдіруде пәрменді тетік болуы тиіс",- О.Бектенов

23.01.2025ж. 20:00
129
"Салық-бюджет реформасы экономиканы жетілдіруде пәрменді тетік болуы тиіс",- О.Бектенов

Өнеркәсіпті дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, өңірлерде өсімнің жаңа мүмкіндіктерін іске қосу үшін салық-бюджет реформасын ұтымды іске асыру маңызды. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов экономика және кәсіпкерлік саласындағы сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесуінде осылай деді. Жиында мемлекеттік қаржыны тұрақтандыру және оларды тиімді пайдалану шаралары талқыланды. Сарапшылар салықтық кодексті әзірлеуде ең бастысы әділеттікті ұстану маңызды дейді. 

ДАНА ТОҚМУРЗИНА, MNU САЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ МЕКТЕБІНІҢ БАСШЫСЫ:

Салық реформасына шын мәнінде қажеттілік бар деп ойлаймын. Әлеуметтік мемлекет болу үшін белгілі бір кіріс бөлігі болу керек. Оны құру үшін салықтық мораль ескерілуі тиіс. Салықтық жүктеме әділетті, дұрыс бөлінуі қажет.

ЕЛЕНА БАХМУТОВА, «ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫГЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ЗТБ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Салық және Бюджет кодекстерін ұтымды енгізу арықылы мемлекеттің қаржысын нығайтуымыз керек. Әделетті салықты реттеп, мемлекеттің шығындарын азайту мәселелерін қолға алуымыз керек. Бұл біздің ең басты мақсатымыз.