Италиялықтар үшін энергия деген не және ол не үшін қызмет етеді? Олар ЭКСПО көрмесі кезінде осы сұраққа жауап беруді көздейді. Бүгін Италияның «Астана ЕХРО-2017» дүниежүзілік көрмесіндегі павильонының тұсаукесерінде Стефано Раваньян осылай деді. Елшінің айтуынша, павильон 4 негізгі залдан тұратын болады. Олардың әрбіреуі кәрі құрлықтағы елдің өткені мен бүгіні жайында баяндайды. Сонымен қатар, италиялық өнертапқыштардың қолынан шыққан туындылар да көпшілікке таныстырылады. Оларды 360 градустық бірегей панорамалы түсірілім нәтижесінде көруге болады,- дейді өкілдер.
Стефано Раваньян, Италияның Қазақстандағы Елшісі:
Біз толықтай дайынбыз.
Италиялық павильонның ерекше тұсы тарих мен инновацияның байланысында болса
керек. Біздің ел табиғи энергия көздеріне бай емес. Бұл жайт біздің ғылымға көз
тігіп, зерттеуге итермеледі. Қазір оның нәтижелері жаман емес. Сол үздік
идеяларды көрмеде ұсынамыз. Мысалы, Неапольдің бір кішігірім компаниясы үздік
тәжірибелер алаңында энергияны өндірудің жаңа түрлерін көрсетеді. Павильонда әр
апта сайын Италияның 15 провинциясынан келген өкілдер өздерінің инновациялық
жобаларын, стартаптарын және өндірген дүниелерін көрсететін болады.