Иә, несібесін несиеге байлап, кредитке күн көріп жүргендер көп. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, тіпті пәтер ақысын да несиемен жабатындар бар. Пәтер демекші, қазір 10 млн-ға жуық адам баспананы жалдап тұрады. Ал оның бағасы ай сайын көтерілуде. Оған не себеп? Толығырақ "Экономика" топтамасында.
Қазақстандықтардың депозитте жатқан қаржысы 24,5 трлн теңгеден асты. Бұл- рекордтық көрсеткіш. 2023 жылмен салыстырғанда 4 млрд теңгеге артқан. Азаматтардың көбі ақшасын төл теңгемен сақтайды. . Оның көлемі -18,5 трлн. Ал қалған сома шетел валюталарында салынған.
Депозитте 24,5 трлн теңге
2023 жылдан бері 4 трлн теңгеге артты
Ұлттық валютада 18,5 трлн теңге
Қазір құрқылтайдың ұясындай аядай жерді аңсап жүргендер көп. Ресми статистика бойынша әрбір екінші қазақстандықтың басында баспанасы жоқ. Яғни, пәтер жалдап тұруға мәжбүр. Ал оның ақысы ай сайын аспандап жатыр. Былтыр тұрғын үйді жалға алу құны шамамен 15 пайызға көтерілген. 3 мегополисті былай қойғанда, Ақтау, Атырау, Петропавл қалаларында баға айтарлықтай өсті. 20-29 шаршы метр 1 бөлмелі пәтердің өзі бұл шаһарларда 80 мың теңгеден саудалануда. Мамандар бағаның шарықтауына теңгенің құнсыздануы мен халық санының артуы себеп деп отыр.
Елімізде 5300 математика пәнінің мұғалімі, 5100 көлік жүргізушісі, 3200 бухгалтер тапшы. Жалпы саны 50 мыңға тарта кәсіпорынға 135 мың маман керек. Оның 40 проценті тігінші, аспазшы, дәнекерлеуші секілді жұмысшы мамандықтар. Кадр тапшылығын жою үшін Мемлекет басшысы бизнесті маман даярлау ісіне жұмылдыруды тапсырды. Бұл үшін биыл бюджеттен 22 млрд теңге бөлінеді. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы осы мақсатта дуалды оқыту жүйесін енгізген. Соның аясында студенттер озық деген кәсіпорындарда тәжірибесін шыңдайды. Білім бағдарламасының 60 пайызын практика жүзінде үйренеді.
ТИМУР НАҚЫПБЕКОВ, "АТАМЕКЕН" ҰКП ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазір 500-ге жуық колледждер осы дуалдық оқыту жүйесіне қатысады. Жылда 25-30 мыңға жуық студент осы жүйе арқылы дайындықтан өтеді. Жалпы, осы дуалдық оқыту жүйесінен өткендердің басым бөлігі, яғни, 90 пайызы жұмысқа орналасып кетеді. Өзін жақсы көрсеткен әрине, біліктілігін көрсете білген студенттерді жұмыс берушілер өздеріне даярлап алады.
Валюта бағамына тоқталайық. Қор нарығында доллар бүгін біршама арзандады. 516 теңгеден саудалануда. Еуро 536, Ресей рублі 5,28 теңге болды.
Доллар 516 теңге
Еуро 536 теңге
Рубль 5,28 теңге