$518.14 €537.57 ₽5.27
×

Депутаттар Президент пәрменін іске асыру мәселесін талқылады

31.01.2025ж. 20:00
92
Депутаттар Президент пәрменін іске асыру мәселесін талқылады

"AMANAT" партиясы – Президенттің бастамаларын іске асырудың негізгі қозғаушы күшіне айналуға тиіс. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов фракция отырысында осылай деді. Жиын барысында, мәжілісмендер Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мәселесін талқылады. Бюджет, энергетика, ауыл шаруашылығы, инвестиция, медицина салаларында қордаланған мәселелерге тоқталды. 

НҰРТАЙ САБИЛЬЯНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Президент қала құрылысын жоспарлаудан бастап, нысандарды пайдалануға беруге дейінгі барлық үдерісті цифрлық форматқа толық көшіру және біріңғай ақпарат жүйесін жыл соңына дейін әзірлеу туралы тапсырма берді. Қазіргі таңда осы салада 5 ақпараттық жүйе жұмыс жасауда. Құрылыс кодексін қарау барысында бірыңғай ақпараттық жүйе құру мәселесі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе қарастырылып, тиісті заңнамалық шешімдер қабылданатын болады.