$485.82 €554.03 ₽6.24
×

Алматыда коммуналдық қарызы бар 600-ден астам кәсіпорынның есепшоты бұғатталды

29.06.2026ж. 21:10
Алматыда коммуналдық қарызы бар 600-ден астам кәсіпорынның есепшоты бұғатталды
фото: freepik.com

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, жыл басынан бері қарызы бар кәсіпорындарға қатысты 1 274 материал қаралып, оның 602-сі сот орындаушыларына жолданған. Борышкерлердің банк есепшоттары бұғатталып, мүлкіне тыйым салу және елден уақытша шығуға шектеу қою шаралары қабылданған.

 Қазір атқарушылық іс қозғалған 602 кәсіпорынның 283-і берешегін толық өтеген.