$515.31 €533.96 ₽5.3
×

Қыркүйек айында елдегі мектептер жаңа ас мәзіріне өтеді

AstanaTV
06.02.2025ж. 18:49
77
Қыркүйек айында елдегі мектептер жаңа ас мәзіріне өтеді

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанов мектептердегі ас мәзірі қашан және қалай өзгеретінін айтты, - деп жазды KAZINFORM.

- Былтыр мектептердегі тамақтану нормалары қайта қаралған болатын. Осы қайта қарау кезінде тұз бен тәттілердің мөлшерін азайту енгізілді. Мектеп буфеттерінде бала денсаулығына зиянды заттардың, газдалған сусындардың сатылуына тыйым салынғанын білесіздер, - деді ол ведомствоның алқа мәжілісінде.

Вице-министрдің сөзінше, бұдан былай мектептің асханасында оқушыларға қандай тамақ берілетінін денсаулық сақтау саласының мамандары ғана айқындай алады.

- Ал жаңа мәзір туралы айтсақ, алғаш рет осындай шешім қабылданғалы жатыр. Мектептердегі тамақтандыру нормалары әлемдік стандарттарға сәйкестендірілді. Осы стандарттың аясында бұдан былай мектептердің ас мәзірін денсаулық сақтау мамандары бекітеді. Бұл келесі оқу жылында, яғни, биылғы қыркүйек айынан бастап іске қосылады, - деді Еділ Оспанов.