Шымкентте жылына 6 мың тонна жарамсыз дөңгелек қайта өңделеді. «Экошина» кәсіпорны -«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асырып келе жатқан өндіріс орындарының бірі. Зауыт қалдықсыз технологиямен жұмыс істейді. Ескі шина қайта өңделіп, одан ойын алаңдары, жүгіру мен веложолдарға арналған резеңке төсеніштер шығарылады. Үкіметтің қолдауымен өндіріс орны биыл 500 миллион теңге қайтарым үстемақысы төмен несие алыпты. Соған жоғары технологиялы заманауи қондырғылар сатып алып, өндіріс көлемін ұлғайтуда. Дайын өнімдерге көрші елдерден де сұраныс жоғары көрінеді.
БАУЫРЖАН АЙКЕНЖЕЕВ, КӘСІПОРЫН ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:
Соңғы біздің әкелген қондырғымыз ол 2 есе үлкен өнім шығаратын көлемі және сапасы одан да жақсы болады. Одан кейін біз резеңкенің майда ұнтақтарынан регенерат шығарамыз. Бұл енді регенерат каучуктың орнына жүретін нәрсе. Демек одан ары қарай дайын резина істеп, ол резинадан дайын өнім шығарамыз.