Қазақстандық косметолог Құндыз Жолдыбаева шашын жайып жүретін қыздарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы маман өзінің желіде жариялаған видеосында бөлісті. Косметологтың сөзінше, шашты жайып жүру терінің созылмалы болуына әкеледі.
"Шаштарын үнемі жайып жүретін қыздар тез қартаяды. Олардың беттеріне әжім ерте түседі. Неге десеңіз, бет терісіндегі тері мен денеміздегі тері бір теріге ұқсамайды. Жиналып тұрған шаш теріні тартып, салбырап кетуге мүмкіндік бермейді. Мәселен, бәріңіз танитын Баян Мақсатқызын қараңыздаршы. Ол кісі үнемі шашын жинап жүреді. Өздеріңіз білетіндей, 50 жаста болса да, 25 жастағы қыздай жүреді. Сол үшін, қыздар, шаштарыңызды жинап жүріңіздер", - деді маман.
Сондай-ақ маман бұл болжамға күн мен желдің әсері де бар дейді. Жаюлы шаш күннің ультракүлгін сәулелеріне көбірек ұшырайды, бұл шаштың әлсіреуіне және сынғыш болуына әкелуі мүмкін.