Алматыда түнгі уақытта жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті,-деп хабарлайды turkystan.kz.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы 9 ақпан сағат 22:05-те Жетісу ауданында болған. Сүйінбай даңғылымен оңтүстікке қарай келе жатқан Exit маркалы автокөлік жолдан өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Жол апатынан ер адам қаза болды. Жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлады Полиция департаментінен.