Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Павлодарда «Нұр Отан» партиясының жобасы аясында азаматтарды қабылдаудың Бірыңғай күні өтті

AstanaTV
21.06.2017ж. 20:00
2041
Павлодарда «Нұр Отан» партиясының жобасы аясында азаматтарды қабылдаудың Бірыңғай күні өтті

«Сыбайлас жемқорлықсыз ел - гүлденген ел». Павлодарда «Нұр Отан» партиясының жобасы аясында азаматтарды қабылдаудың Бірыңғай күні өтті. Шараға прокуратура, әділет, ішкі істер органдары өкілдері қатысып, бұқараның мұң-мұқтажын тыңдады.

Көп балалы ана Алмагүл Қамай екі жыл бойы әділдік таба алмаған. 2015 жылы жолдасы жол апатынан қаза табады. Содан бері жазалы адам жауапқа тартылмады, дейді ол. Айтуынша, күдіктіге қатысты сот отырысы болып, шешім де шыққан. Бірақ ол түрлі себептермен соттың талабын орындаудан қашқақтап жүрген көрінеді. Әйелдің бар үміті - бүгінгі қоғамдық қабылдауда.

Алмагүл Қамай:

Алты баламен жалғыз басты анамын. Өзімде жұмыс жоқ. Балаларым енді ғана ілгері ілініп, оқуларын бітіріп жатыр. Бүгін келгенім осы «Нұр Отанға» сол проблемамды шешкізіп, айтайын дегенім. 

Бүгінгі шараға келгендердің мәселесі әр қилы. Тұрғын үй коммуналдық саласынан бастап, әлеуметтік, құқықтық, әкімшілік бағыттағы сұрақтар көтерілді. Партиялықтар әрбір арызды бақылауға алатынын жеткізді.