$503.61 €524.96 ₽5.58
×

"Комада жатқан": Атақты әнші 19 жасында көз жұмды

AstanaTV
16.02.2025ж. 17:15
184
"Комада жатқан": Атақты әнші 19 жасында көз жұмды
Фото: instagram.com/shirin.abdullaevs

"Өзбекконцерт" және Отбасы және әйелдер істері жөніндегі комитет әнші Ширин Абдуллаеваның өмірден өткені туралы хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі nova24.uz басылымына сілтеме жасап. 

Басылымның хабарлауынша, 19 жастағы әнші қыз біраз уақыт бойы менингиттің салдарынан комада жатқан. 

Бойжеткен BA Holding негізін қалаушысы, кәсіпкер Баходир Абдуллаевтың қызы. 2021 жылы ол ресейлік "Ты - супер!" музыкалық шоуына қатысып, жартылай финалға жеткен. Алдын ала дерек бойынша әнші менингиттен қайтыс болған. 

Айта кету керек, Абдуллаева 2005 жылғы 14 желтоқсанда дүниеге келген. Жастайынан ән жазып, өзі де ән айтқан. Халықаралық және республикалық байқауларға қатысқан. Ол "Лули", "Метро", "Безори" әндерімен көпшілікке танымал.