Елімізде 1,5 мыңнан астам адам заңсыз ұсталған. Мемлекет басшысының қабылдауында болған Бас прокурор Берік Асылов осылай деп мәлімдеді. Прокуратура тергеу сатысындағы 32 мыңнан астам заңсыз шешімді тоқтатқан. Нәтижесінде қылмысқа қатысы жоқ 4 мың адам босатылған. Бұдан бөлек, экономикаға 12 триллион теңгеден астам қаржы құйған 800 инвесторға прокурорлық көмек берілген. Бұл бағытта "Прокурорлық сүзгі" оң нәтиже көрсеткен. Мемлекет басшысына қоғам назарын аударған бірқатар қылмыстық істі тергеу барысы бойынша да мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң және тәртіп» қағидасын іске асыру, барлық салада заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.