$488.53 €531.91 ₽5.68
×

Облыс әкімдері тағайындалды

17.02.2025ж. 20:00
225
Облыс әкімдері тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Шығыс Қазақстан және Абай облысының әкімі тағайындалды. Шығысты енді Нұрымбет Сақтағанов басқарады. Бұған дейін ол облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Жаңа әкімнің кандидатурасын аймақтағы барлық деңгейдегі депутаттар қолдап дауыс берді. Оны Премьер-министр Олжас Бектенов облыс активіне таныстырып, бірқатар міндеттер жүктеді. Ал Абай облысының әкімі болып Берік Уәли тағайындалды. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 126 депутаттың 102-сі Берік Уәлидің кандидатурасына дауыс берді. Жаңа әкімді облыс активіне Премьер-Министр Олжас Бектенов таныстырды.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Киелі Абай жері ел дамуында маңызды орын алады. Облыстың жағдайы Мемлекет басшысының үнемі назарында. Президенттің бастамаларын қолдап белсенді азаматтық ұстаным танытып жүргендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық құрылымдармен қоғам бірлесіп жұмыс істеу қажет.

Ал Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып Руслан Желдібай тағайындалды. Ол бұған дейін президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымын атқарды.