Павлодардың Ақсу қаласында әкімдік мемлекеттен берілетін үйдің құнын көтеріп жіберген. Салдарынан 100-ден астам отбасы пәтерді жалдау ақысын артығымен төлеп келіпті. Бұндай заңсыздықты прокуратура органдары анықтады. Айтуларынша, тұрғындар 1 шаршы метр үшін 125 теңге төлеген. Тексеруден кейін төлем құны төмендетілді. Енді әр шаршы метр үшін 49 теңге төлейтін болады. Бұл нарықтық бағамен 3 бөлме үшін 4 мың теңгенің айналасында деп есептелінді. Қазір әкімдік тұрғындармен жаңадан шарт жасасып жатыр.
ӘДІЛЕТ ӘЛМҰХАМБЕТОВ, АҚСУ ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Атап айтқанда, жалдау ақысын есептеу кезінде әкімдік ғимараттардың есептік пайдалану мерзімін және олардың жалпы аудандарын дұрыс анықтамаған, бұл жалдау төлемдерінің едәуір артып кетуіне әкелген. Қазіргі уақытта прокуратура органдары бұл мәселені толық шешілгенге дейін ерекше бақылауда ұстап отыр.